Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Әскери қызметшілердің өлімі: 300-ден астам адамнан жауап алынып, 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

ІІМ-нің әскери-тергеу органдары Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында, деп хабарлайды paryz.kz.

Әскери қызметшілердің өлімі: 300-ден астам адамнан жауап алынып, 8 лауазымды тұлға қамауға алынды
Фото: gov.kz

Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізілген.

"Қазірге дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынған.

Олар – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

 "Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді Бас прокуратура.