Әсел Жанасова премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұл тағайындауға дейін, 2025 жылғы желтоқсаннан бастап ол Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды, сондай-ақ бұған дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болған.