Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қостанайда 86 жастағы қарияның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желілерде Қостанайда серуендеп жүрген 86 жастағы зейнеткердің кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ тағы бір адам зардап шеккен болуы мүмкін екені айтылды. Оқиғаға қатысты өңірлік ПД түсінік берді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қостанайда 86 жастағы қарияның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: pexels

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 86 жастағы ер адамның денесі табылғаннан кейін бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, дәлелдемелерді жинау мен бекітуге, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамның жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Қостанай облыстық ПД. 

Ведомство тергеуге барлық қажетті күш пен ресурс тартылғанын нақтылады.

"Екінші адамға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Күдіктіні анықтау және ұстау жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қостанай облыстық ПД тергеу мүддесіне байланысты ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.