Астана аспанында әскери авиация ұшақтары ұшады, деп ескертті Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі.
"Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шара өткізілуіне байланысты 2026 жылдың 5-7 қараша күндері қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады", - деп жазылған хабарламада.
Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.
"Оған қоса, 1 қарашадан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған", - дейді Мемлекеттік күзет қызметінде. Ведомствода елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.