Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Тоқаев Алжир Президентін Революция күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Алжир Президентін Революция күнімен құттықтады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.