Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Қазақстандықтарды интернет-алаяқтар көбіне қалай алдайтыны белгілі болды

Қазақстандықтарды интернет-алаяқтардың көбіне қалай алдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстандықтарды интернет-алаяқтар көбіне қалай алдайтыны белгілі болды
Фото: gov.kz

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бейбіт Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елде жиі кездесетін интернет-алаяқтықтың үш түрін атады.

Оның айтуынша, бұл схемалар азаматтарға едәуір шығын келтіріп отыр. Журналистер Қазақстанда интернет-алаяқтықтың қандай түрлері кең таралғанын, қайсысы азаматтарға көп шығын әкелетінін және киберполицияны ерекше алаңдататынын сұрады.

Қазір интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрі – құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің немесе банктердің қызметкерлері атынан қоңырау шалу. Алаяқтар өздерін сол мекемелердің өкілі ретінде таныстырып, күмәнді операциялар туралы хабарлайды. Содан кейін азаматтарға психологиялық қысым көрсетіп, асықтыру немесе қауіп төнгенін айту арқылы өз атына несие рәсімдетіп, ақшаны үшінші тұлғалардың шотына аударуға мәжбүрлейді, – деп атап өтті басқарма басшысы. 

Оның айтуынша, екінші орында – жалған инвестициялық ұсыныстар.

Қазақстандықтар интернет пен әлеуметтік желілерден ақша салуға шақыратын жарнамаларды көріп, алаяқтарға қаражат аударады. Соның салдарынан ақшасынан айырылады. Үшінші кең таралған тәсіл – онлайн сауда. Азаматтар маркетплейстер мен әлеуметтік желілердегі тауардың бар-жоғын, сатушының адалдығын тексермей, ақша аударады. Бірі ақшаның жартысын, енді бірі толық алдын ала төлем жасайды. Ақырында қаражатынан қағылады, – деді Бейбіт Біржанов.