Ресейдің танымал әнші Navai-дың ұсталуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне ресми дипломатиялық нота жолдады, деп хабарлайды paryz.kz.
Онда Ресейдің ұсталған азаматтары туралы мәлімет беруге және олардың қай жерде екенін хабарлауға өтініш білдірілген.
"Консулдық қызмет аясында мұндай өтініштермен жүгіну - қалыптасқан тәжірибе. Министрлік тиісті сауалды Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдайды", - делінген мәлімдемеде.
Айта кетері, 13 қазанда "Қордай" шекарасында Қазақстанға кіру кезінде танымал шетелдік әнші Navai ұсталған болатын.
Рэпер мініп келген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді. Ол есірткі контрабандасы ісі бойынша екі айға қамауға алынды.