Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Семейде өз сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған ер адам өмір бойына сотталды

Семейде өз нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған ер адам мен 20 жастағы қызға сот үкім шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

Семейде өз сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған ер адам өмір бойына сотталды
Фото: pixabay

Жаңа туған нәрестенің денесі қоқыс жәшігінен табылды. Оқиға биыл 3 ақпанда болды. Баланы кездейсоқ адам тауып, полицияға хабарлаған. Әлеуметтік желіде оқиғаға полиция қызметкерлерінің қатысы бары айтылды. 20 жастағы қыз өзінің әріптесінен жүкті болған.

Үйде босанып, жігітіне қоңырау шалып, оған нәрестені берген. Ер адам баланы алып шығып, Ломоносов көшесіндегі қоқыс жәшігінде тастай салған. 

"Бастапқыда анасы баланың өлі туылғанын айтқан. Алайда, сот-медициналық сараптама нәрестенің тірі туылғанын және үсіп өлгенін анықтады", - дейді сот.

Сот үкімімен әйел екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол рақымшылыққа байланысты жазасын өтеуден босатылды. Ер адам қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.