Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Каспийде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының толық аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Каспийде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен екі әскери қызметші – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.

Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан орын алған бұл қайғылы оқиғада жалпы 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Жүргізілген құтқару операцияларының қорытындысы бойынша:

  • 3 әскери қызметші аман құтқарылды;

  • 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің басшылығы, сондай-ақ жеке құрамы қаза тапқан әскерилердің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, терең көңіл айтады.

Қайтыс болған сарбаздар мен офицерлердің отбасыларына мемлекет тарапынан жан-жақты, соның ішінде материалдық және психологиялық көмек толықтай көрсетіледі.