Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Аман қалған сарбаз Ақжол Темірәлиев есін жиды: дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалып, ауруханаға түскен жалғыз сарбаз Ақжол Темірәлиевтің (2007 ж.т.) жағдайы қазіргі уақытта тұрақты, деп жазады Paryz.kz.

Аман қалған сарбаз Ақжол Темірәлиев есін жиды: дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде оның денсаулығына қатысты түрлі қауесеттер тараған болатын. Дәрігерлердің хабарлауынша, зардап шегуші өзі жүріп, тамақ ішіп және сөйлей алады.

Оған барлық қажетті медициналық көмек толықтай көрсетілді, енді сарбаз оңалту кезеңінен өтуде.