Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп жазады Paryz.kz.
Ақорданың ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, Мемлекет басшысы оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында арнайы Үкіметтік комиссияға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Президент қайтыс болған сарбаздар мен офицерлердің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырған.