18 қыркүйек кешке Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары тасжолында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Апат жолдың 48-шақырымында шамамен сағат 18:30-да болған.
Жол-көлік оқиғасына Toyota, Chevrolet және Subaru жеңіл көліктері қатысқан. Toyota көлігіндегі жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапқан.
Toyota, Chevrolet және Subaru көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан Toyota көлігінің жолаушыларының бірі оқиға орнында көз жұмды. Қалған зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендердің жағдайы мен жол апатының өзге де мән-жайы әзірге хабарланған жоқ.