Қазақстанда 19-21 қыркүйекте күн жылы болады. «Қазгидромет» мәліметінше, ауа райы тұрақталып, елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында жауын-шашын тоқтайды.
Ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігінде ауа температурасы +17…+25°С, орталық өңірлер мен батыста +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа +27…+32°С-қа дейін жылынады», – делінген хабарламада.
Синоптиктер оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында найзағай ойнап, жел күшейетінін және қысқа мерзімді жаңбыр жауатынын болжайды.
Таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Ал оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.