Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Есірткіні заңсыз өндірумен айналысқан қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Қазақстанда психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Есірткіні заңсыз өндірумен айналысқан қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Фото: sputnik.kz

Ол қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, Теміртау қаласында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өндіруді ұйымдастырған. Кейіннен дайындалған психотроптық заттар, сол тектестер Қарағанды облысының аумағында таратылған.

"Қылмыстық әрекет нәтижесінде алынған заңсыз кірістерді қылмыскерлер түрлі қаржылық операциялар жүргізу, соның ішінде криптообменниктерді пайдаланумен 1,8 млрд теңгеден астам қаржыны және 600 млн теңгеден астам қаражатты жылжымайтын мүлік, бизнес объектілерімен көлік құралдарын сатып алу арқылы заңдастырған. Аталған активтерді мемлекет кірісіне айналдыру мақсатында оларға тыйым салынған", - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, аталған қылмыстық топ мүшелерінен 10 килограмға жуық мефедрон тәркіленген. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың жекелеген мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Ал басқа сыбайластары, оның ішінде күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Өткен жылдың қазан айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Бүгінгі күні ол тергеу изоляторына қамалды.

"Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен қатар, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", дейді Бас пркуратурада. 

Осы қылмыстық топтың тағы бір белсенді мүшесі екі ай бұрын Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланған.