Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Шығыс Қазақстанда бірнеше тәуліктен бері екі балықшының денесі іздестіріліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екі балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиға Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде болған. Қатты жел салдарынан ішінде үш ер адам болған қайық аударылып кеткен, деп хабарлайды paryz.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда бірнеше тәуліктен бері екі балықшының денесі іздестіріліп жатыр
Фото: видиодан скриншот

Суға батқандардың денесі екінші тәулік бойы іздестіріліп жатыр. Құтқарушылардың мәліметінше, балықшылардың бірі, 58 жастағы ер адам жағаға өз бетімен жүзіп шыға алған – оған жергілікті тұрғындар көмектескен.

Оның екі серігі суға батып кеткен. Материалда ер адамдарда құтқару кеудешелері болмаған айтылады. Қазір оқиға орнында ауқымды іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Облыстық ТЖД өкілдері бұған дейін өңірде дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті.

"Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары: жүзу құралдары, дрондар, катерлер жұмылдырылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына жергілікті тұрғындар да қайықтарымен қатысып жатыр", – деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.