Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Өзін тергеуші ретінде таныстырып, балағат сөздер айтқан: Шымкентте бойжеткен ұсталды

Шымкентте әлеуметтік желіде өзін тергеуше ретінде таныстырған бойжеткен қамауға алынды. Ол ұзақ бұзақылық жасағаны үшін 25 тәулікке қамалды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

Өзін тергеуші ретінде таныстырып, балағат сөздер айтқан: Шымкентте бойжеткен ұсталды
Фото: nur.kz

Әлеуметтік желіде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, балағат сөздермен телефон арқылы қоқан лоқы көрсеткен Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны сот қаулысымен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Аталған азаматша осыған дейін де ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және өзге адамдардың құқықтары мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заңнамада белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді.