Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов отставкаға кетті

Қайрат Шайжанов төрт жылдық қызметінен кейін Жезқазған қаласының әкімі лауазымынан кететінін мәлімдеді. Бұл шешімі туралы ол Instagram парақшасында жарияланған тұрғындарға арнаған үндеуінде айтып, қалалықтарға қолдау көрсеткені және бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов отставкаға кетті
Фото: әлеуметтік желіден

Өз үндеуінде әкім төрт жыл бойы қала тұрғындарымен бірге Жезқазғанды дамыту және түрлі мәселелерді шешу жолында еңбек еткенін атап өтті. "Бұл кезең мен үшін үлкен жауапкершілік қана емес, баға жетпес өмірлік және кәсіби тәжірибе сыйлаған маңызды мектеп болды", - делінген жазбада.

Сондай-ақ ол тұрғындарға ұсыныстары, пікірлері мен сыни көзқарастары үшін алғыс айтып, қолдаудың күш бергенін, ал ескертулердің шыңдала түсуге көмектескенін жеткізді.