ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында БАӘ-де екі қазақстандықтың қайтыс болуына қатысты резонанстық оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Жанболат Үсенов аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті.
"Тергеу мүддесі үшін ешқандай ақпарат жарияланбайды, сол себепті біз қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруге дайын емеспіз. Тергеу аяқталғаннан кейін біз нәтижелерін ұсынамыз және оларға қатысты пікір білдіреміз", - деп сендірді ол.