Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеме 16,75%-дан 16,25% -ға төмендеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті
Фото: Ұлттық банк

2026 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалды:

көрсеткіштің 9–11% аралығында қалыптасуы күтілуде. Базалық сценарий бойынша 2026 жылға арналған ЖІӨ өсімінің болжамы да өзгеріссіз қалып, 4,5–5,5% деңгейінде бағаланып отыр.

"Ағымдағы инфляция мен инфляциялық күтулердегі оң үрдістер қабылданған шешім аясында базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2027 жылға арналған болжамдарды қайта қарауға түрткі болған инфляциялық факторлар мен тәуекелдердің күшеюін ескере отырып, мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндігі шектеулі. Болашақ шешімдер инфляция бойынша келіп түсетін деректерге және олардың болжанған траекторияға сәйкестігіне, сондай-ақ ішкі сұраныс, инфляциялық күтулер, реттелетін бағалар үрдістеріне және фискалдық әрі квазифискалдық ынталандыру шараларының ауқымы мен әсеріне негізделетін болады", — деп мәлімдеді Ұлттық банк.