Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Адам ұрлап, басқа да ауыр қылмыстар жасаған: ҰҚК 24 қылмыстық топ мүшесі ұстады

Қазақстанда жыл басынан бері 24 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Адам ұрлап, басқа да ауыр қылмыстар жасаған: ҰҚК 24 қылмыстық топ мүшесі ұстады
Фото: ҰҚК

Ұсталған қылмыстық топтар бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстар үшін айыпталып отыр. Қазіргі кезде 169-дан астам адам, оның ішінде топ жетекшілері қамауға алынды. 

"Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып жойылды", - дейді комитет мамандары.

Қазіргі кезде барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірлескен операцияларға полиция мен прокуратура органдары да атсалысты.

Айта кетері,бұған дейін ұсталған бір қылмыстық топ шекарада арнайы қазылған тоннель арқылы бензин контрабандасын ұйымдастырған.