Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Алматы облысының әкімі тағайындалды

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының әкімі тағайындалды
Фото: primerministers.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Шыңғыс Әрінов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды (2006-2022)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы (2022-2024)

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (06.02.2024)