Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Ауруханада шу шығарған әйел айыппұл арқалады

Жамбыл облысында ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әйелге айыппұл салынды, деп хабарлады облыстық сот.

Ауруханада шу шығарған әйел айыппұл арқалады
Фото: gov.kz

Ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Т.Рысқұлов аудандық соты қарады.

"2026 жылдың тамызында сағат 15:30 шамасында Құлан ауылының орталық аудандық ауруханасында азамша С. жәбірленушіге дөрекі және балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті, науқастар мен ауруханаға келушілердің тыныштығын бұзды", - деп жазылған хабарламада. 

Құқық бұзушы кінәні ішінара мойындап, жанжал кезінде дөрекі сөйлегенін, бірақ әдепсіз сөздерді қолданбағанын түсіндірді.

Кәмелетке толмаған балалардың болуын, материалдық жағдайын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты. Сот қаулысымен ол бойынша кінәлі деп танылды және оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.