Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Ақтөбеде дәрілерді заңсыз сатқан топ ұсталды

Ақтөбе облысында күшті әсер ететін заттарды заңсыз сатумен айналысқан топтың қызметі тоқтатылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді жеткізуді Алматыдағы дәріханалардың бірінде жұмыс істейтін фармацевт өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып ұйымдастырған.

Ақтөбеде дәрілерді заңсыз сатқан топ ұсталды
Фото: gazeta.uz

Схема сырттай қарағанда кәдімгі дәріхана логистикасына ұқсас болғанымен, дәрі-дәрмектер заңсыз айналымға жіберілген.

Препараттар Ақтөбе облысына жөнелтіліп, кейін сол жерде буып-түйіліп, жасырын орындар арқылы таратылған. 

ІІМ мәліметінше, топтың барлық мүшесі ұсталды. Олардың арасында ұйымдастырушы, оператор, препараттарды ораушылар және тауарды жасырын орындарға орналастырған адамдар бар. Заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленді.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттарды заңсыз айналымға шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. ІІМ өкілдері мұндай әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.