Прямая трансляция

Астана

Астана

27.21°C

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде валюта бағамы жаңарды

Астана және Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының өзекті бағамы ұсынылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде валюта бағамы жаңарды
Фото: istockphoto

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елордадағы айырбастау бекеттерінде АҚШ доллары 483 теңгеден сатып алынып, 490 теңгеден сатылуда.

Еуро бағамы сатып алу кезінде 550 теңге, сату кезінде 560 теңгені құрады. Ресей рублі 6,17–6,47 теңге аралығында саудаланса, қытай юані 69,26–74,26 теңге шегінде ұсынылған.

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы 485,75 теңге болса, сату құны 487,99 теңгеге жеткен.

Сондай-ақ еуро 551,06–556,69 теңге аралығында айырбасталуда. Рубль 6,15–6,31 теңге аралығында, ал юань 71,70–74,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.