Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Қарағанды облысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті табылды. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Фото: istockphoto

13 қарашада жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласынан 22 шақырым қашықтықта 38 жастағы қала тұрғынының мәйіті анықталды.

«Әйел бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында іздеуде болған. Мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», - деп жауап жолдады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі