Прямая трансляция

Астана

Астана

27.77°C

«40 жасты күтпе: Ләйлә Сұлтанқызы өмірді өзгертудің жолын айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына өмірді кейінге қалдырмай, дәл қазір өзгертуге шақыратын жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«40 жасты күтпе: Ләйлә Сұлтанқызы өмірді өзгертудің жолын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

«40 жасқа келгенде бастаймын» деп күтпе. Өмірді өзгертетін қадамдарды бүгіннен баста:

– Қорқынышың көп пе? Үлкен өзгеріс күтпе, кішкентай қадам жаса. Сенім әрекеттен кейін келеді.

– Достарыңнан алыстап бара жатсаң, тек қиындықта емес, жай уақытта да хабарлас. Қарым-қатынас та күтімді қажет етеді.

 – Бақыт іздеп жүрсің бе? Күн соңында өзіңнен сұра: «Мен бүгін өмір сүрдім бе, әлде уақыт өткіздім бе?»

 – Жалғыздық сезілсе, бірінші болып байланыс орнат. Кейде адамдар жалғыздықтан емес, күтуден шаршайды.

– Қаржы мәселесі мазаласа, шағымды азайтып, жаңа мүмкіндік ізде. Дағды үйрен, бағыт өзгерт.

– Күн сайын шаршап жүрсең, өзіңнен шын жауап ал: шаршадың ба, әлде қазіргі өмірің сені қажытты ма?

– Сапар арманың болса, қолайлы сәтті күтпе — жоспар құр.

– Өкпе жиналса, сөйлес, кешір немесе нүкте қой. Өткенді арқалап жүру өзіңе салмақ түсіреді.

– Жұбайың болса, күн сайын аз уақыт болса да телефонсыз сөйлес.

– Балаң болса, оған уақыт сыйла. Есте қалатыны — сыйлық емес, бірге өткен сәттер.

– Ата-анаң аман болса, жиі хабарлас. Кейін кеш қалмас үшін бүгін уақыт бөл. Өмірдің жақсы жағын күтіп отырмай, оны өзің құрудан баста.