Прямая трансляция

Астана

Астана

27.98°C

Мәжілісте Қазақстан мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы өкілдерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева мен депутат Магеррам Магеррамов Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлумен кездесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мәжілісте Қазақстан мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы өкілдерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Фото: Ж. Жұмабеков

Тараптар Қазақстан мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы қазіргі өзара іс-әрекетті, сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ алдағы бірлескен жұмыс перспективаларын талқылады.

Шетелдік қонақты қарсы алған Снежанна Имашева Қазақстан 1992 жылы Ұйымға мүше болған күннен бастап Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымымен ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

– Сіздің биылғы кезекті сапарыңызды Қазақстан мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы белсенді әрі сындарлы өзара іс-әрекеттің көрінісі ретінде қарастырамыз, – деді комитет төрағасы.

Кездесу барысында ұйым миссияларының Қазақстандағы электоралдық процестерді, соның ішінде Парламент және Президент сайлауларын, сондай-ақ 2022 жылғы және 2026 жылғы референдумдарды байқау жұмыстары атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-06-19 at 13.10.41.jpeg

Адам құқықтары, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, гендерлік теңдікті дамыту және адам саудасына қарсы іс-әрекет мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мейманға наурыз айындағы референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелері, сондай-ақ оны іске асыру үшін әзірленген заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар электоралдық процестер бойынша сындарлы диалогты қолдауға өзара мүдделі екендерін айтты.