Прямая трансляция

Астана

Астана

31.15°C

Әл-Фарабидегі жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі Пакты кешірмейтінін мәлімдеді

Алматыдағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Томиристің әкесі сотта сөз сөйлеп, күдікті Александр Пакты кешірмейтінін мәлімдеді.

Әл-Фарабидегі жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі Пакты кешірмейтінін мәлімдеді
Фото: Baq.kz.

Оның айтуынша, қызы Томирис 2005 жылдың 26 желтоқсанында дүниеге келген. Әкесі қызын өсіріп, тәрбиелеп, білім алуына бар жағдайды жасағанын айтты.

«Томиристі өсірдім, аяладым, жақсы көрдім. Бірінші сыныптан бастап ақылы мектепте оқыттым, оған ай сайын 300 мың теңге төлеп отырдым. Қызым үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым», – деді ол. 

Сотта Томиристің ата-анасы ажырасқаны, бірнеше жылдан бері бірге тұрмайтыны белгілі болды.

Әкесі бұрынғы жұбайына құрметпен қарайтынын, алайда олардың жолы екіге айырылғанын айтты. 2018 жылдан бері бірге тұрмаймыз. Ол бес бала дүниеге әкелді.

«Томирис – мен жер қойнына тапсырған екінші қызым. Бір қызымыз 1,5 айлығында шетінеп кеткен еді. Қалғаны – ұл балалар. Өмір болған соң тағдыр әртүрлі болады. Оның өз өмірі бар, қайта тұрмысқа шықты», – деді әкесі. 

Сонымен қатар ол бұрынғы жұбайының өтемақы алғанын түсінетінін, мұны балалардың қамы үшін жасаған шығар деп санайтынын жеткізді.

«Алайда марқұмның әкесі бұл әрекет оның ұстанымын өзгертпейтінін айтты. Маған барлық танысым, достарым хабарласып жатыр. “Сен кешірдің бе, олардың отбасын кешірдің бе?” деп сұрайды. Көптеген туыстарымыз біздің ажырасқанымызды да білмейді. Бірақ менің айтарым біреу ғана – ешқандай кешірім жоқ, – деді ол сотта.