Алматылық тұрғын 990 адамды үйіне заңсыз тіркеген, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Наурызбай ауданында тұрғын сыйақы үшін өз пәтеріне 990 адамды заңсыз тіркеген.
"Резеңке пәтер иесіне "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ол бір жылға бас бостандығынан шектелді", - дейді прокуратура.
Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтауды ескертеді.