Прямая трансляция

Астана

Астана

31.91°C

Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: Baq.kz.

19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.