АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалып, кейіннен денесі табылған жігіт Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екені белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін денесі табылған ер адамның Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екенін анықтады.
"Осы ауыр қайғыға байланысты отбасы мен достарына көңіл айтамыз. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың тиісті органдарымен және марқұмның туыстарымен үнемі байланыста", - дейді ведомство өкілдері.
Министрлік марқұмның туыстарына құжаттарды дайындау және денені Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыру бойынша қажетті консулдық көмек көрсетілетінін атап өтті.