Бүгін Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бұл жолы күдікті Александр Пак сот залына келмеді. Бүгін жәбірленуші ретінде танылған Қанат Тлемесов мәлімдеме жасады. Ол - марқұм болған жүргізушінің әкесі. Ол қаза туралы 21 наурыз күні естігенін хабарлады, деп жазады paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Заң бойынша жаза сұраймын. Сотқа талап-арызым жоқ. Кешірім бердік. Ары қарай заң шешсін, - дейді жәбірленуші.
Еске салайық, басты сот отырысына жол апатында марқұм болған үш адамның тек екеуінің туыстары қатысқан болатын.
Олар күдікті Александр Пакты кешірім беріп, тек шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.