Қазақстанда зейнетақы аннуитетіне қатысты мұрагерлік ережелеріне өзгеріс енгізілді. Енді қайтыс болған адамның шотында қалған қаражатты мұрагерлері толық көлемде бірден шешіп ала алады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, бұған дейін зейнетақы аннуитетін рәсімдеген азамат қайтыс болған жағдайда оның шотында қалған қаражат мұрагерлерге бірден берілмейтін.
Отбасы мүшелері бұл қаражатты ай сайынғы төлем түрінде ұзақ уақыт бойы алып келген.
Ал жаңа түзетулерге сәйкес, мұрагерлерге таңдау құқығы беріледі. Олар қаражатты бұрынғыдай кезең-кезеңімен алуды жалғастыра алады немесе шотта қалған соманы толық көлемде бірден шешіп алуға мүмкіндік алады.
Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, бұл өзгеріс зейнетақы аннуитеті жүйесін азаматтар үшін икемдірек әрі қолжетімді етуге бағытталған.