Прямая трансляция

Астана

Астана

22.47°C

Талдықорғанда 3 жастағы науқас қызын сабаған әке: сот қандай шешім шығарды

Талдықорғанда небәрі 3 жастағы қызын сабаған әкеге сот үкім кесті. Ол жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz Жетінші арна-ға сілтеме жасап.

Талдықорғанда 3 жастағы науқас қызын сабаған әке: сот қандай шешім шығарды
Фото: istockphoto

Оқиға ақпан айында болған. Өз әкесі ұрып, денесінде сау тамтығы қалмаған бүлдіршін дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Балақай әлі де дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Белгілі болғандай, кішкентай қыз бұған дейін ауыр сырқатпен күресіп, Түркияда бауырына операция жасалған. 

Ашуға мінген ер адам сол күні өзінің әйелін де соққыға жыққан. Күдікті өзінің тұрғылықты мекенжайынан мас күйде табылған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, туғандарына қатыгездік танытқаны үшін сот үкім кесті. 

"Оқиғаға байланысты азаптау және ұрып-соғу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп пікір білдірді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Жанар Қалықова.