Қызылорда облысының Шиелі ауданында денесі канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды. Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, ол сол ауданның тұрғыны болып шықты.
— Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді, — деді департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.