Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды мемлекеттік eGov.kz порталына сілтеме жасаған paryz.kz.
Мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін мемлекеттік мереке Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп тұр.
Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан яғни 4, 5 және 6 шілде күндері демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 5, 6 шілде демалыс.
Жалпы алғанда, шілде айында аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары тоғыз күн, алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады.