Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Тоқаев Кения президентін Тәуелсіздік сарайында қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Кения президенті Уильям Рутоны салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Тоқаев Кения президентін Тәуелсіздік сарайында қарсы алды
Ақорда

Тоқаев мәртебелі мейманды Тәуелсіздік сарайының кіреберісінен күтіп алды. Одан кейін екі елдің басшысы үлкен залға өтіп, бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Сол жерде құрметті қарауыл сап түзеді.

Ал президенттік оркестр Кения мен Қазақстанның әнұрандарын орындады. Тәуелсіздік сарайында өтетін келіссөздер кезінде Тоқаев пен Руто сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту жайын талқылайды.

Одан кейін бірқатар құжатқа қол қойылады.