Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Астанадағы LRT осы аптада іске қосылады

Астанадағы LRT осы аптада іске қосылады, деп мәлімдеді "City Transportation Systems" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Астанадағы LRT осы аптада іске қосылады
Фото: sputnik.kz

Бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Жалпы LRT желісінің ұзындығы 22,4 км, барлығы 18 станция болады. Оның 11-і жер асты және 7-і жер үсті станция.

"Барлық станция қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарын ескере отырып іске асты. Станцияларда билеттерді сатып алу орындары, автоматтандырылған жүйелер, сауда алаңдары бар күту залдары, санитарлық-гигиеналық тораптар, сондай-ақ адамдардың қауіпті учаскелерге шығуына жол бермейтін жүйелер бар. Станцияға көтерілу үшін эскалаторлар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лифтілер қарастырылған", - дейді CTS-те.

Бір реттік жол жүру құны 200 теңге, ал LRT көлік картасының құны 1000 теңге. Төлем жасаудың бірнеше жолы бар: Visa / MasterCard банк карталары бойынша төлем; NFC-Apple смартфоны немесе смарт сағаты арқылы төлеу / Samsung Pay; QR-код бойынша - HalykBank / KaspiBank банктік қосымшалары арқылы төлеу; бір реттік билет бойынша - билетті LRT кассасынан немесе tvm автоматынан сатып алу. Сондай-ақ мектеп/жеңілдік картасымен төлеген кезде жол жүру құны тегін болады. Шуды азайту үшін вагондардың қабырғалары қалың етіп дайындалды. Бұл қазақстандық тараптың талабы болды, дейді Асылбек Дүйсебаев.

"Олар пилотсыз басқарылады, яғни LRT ішінде адамдар болмайды. Басқару толығымен біздің бірыңғай диспетчерлік орталықтан болады. Бірақ пойыздың ішінде біздің операторлар болады, төтенше жағдай туындаған жағдайда олар пойыздарды қолмен басқарады және барлық жолаушыға кеңес береді", - деп түсіндірді Дүйсебаев.

Пилотсыз көлікті бірыңғай диспетчерлік орталық басқарады. Орталық, депо және жөндеу шеберханасы орналасқан аумақ 400 гектарды алып жатыр.