Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Шымкентте балаларына қатыгездік танытқан анаға жаза тағайындалды

Шымкентте өз балаларына қатыгездік танытты деп айыпталған әйелге қатысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте балаларына қатыгездік танытқан анаға жаза тағайындалды
Фото: getty images

Шымкент соттарының ресми Telegram арнасында хабарланғандай, балалардың анасы ата-ана құқығынан шектелді.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент білім басқармасының жауапкер Э.-ні ата-ана құқығынан шектеу және алимент өндіру талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот жауапкер Э. кәмелетке толмаған төрт баланың анасы екенін, әкелері қазіргі таңда шет елде жүргенін анықтады. Жауапкер Э.-нің кәмелетке толмаған балаларына қатысты қатыгездік танытқаны анықталған.

Балалардың әкесі болған мән-жәйлардан хабардар. Сот "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарын және кәмелетке толмаған балалардың мүддесін негізге алып, білім басқармасының талабын қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.