Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Жүк көліктерін заңсыз тіркеген": Алматыда Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері сот алдына келді

Алматыда Арнайы ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураға сілтеме жасаған paryz.kz.

"Жүк көліктерін заңсыз тіркеген": Алматыда Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері сот алдына келді
Фото: pixabay

Ведомствоның мәліметінше, арнайы прокурорлар Алматы қаласының Арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

"Тергеу нәтижесінде 2023 жылы Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды. 

Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді.

Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.