Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Масқараңды шығарамын": Жамбыл облысында ер адам қылмыс үстінде ұсталды

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Масқараңды шығарамын": Жамбыл облысында ер адам қылмыс үстінде ұсталды
Фото: sputnik.kz

Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, облыстық полиция департаментіне арызданған.

"Өтініш иесінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желіде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен", - дейді полиция.

Полиция қызметкерлері оқиғаны жедел анықтауға кіріскен.

Күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтатып, бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін өзі талап еткен ақшаны алып жатқан кезде ұсталды.