Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин үйінде дауыс берді

Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумда Ұлы Отан соғысының ардагері, 99 жастағы Василий Салазкин өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Paryz.kz

Ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин үйінде дауыс берді
фото: Маңғыстау әкімдігі

Құрметті ардагер денсаулығына байланысты №34 сайлау учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы үйінде дауыс берді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері ардагердің өтініші негізінде оның үйіне барып, дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.

Ел басына күн туған кезеңде Отан қорғап, бейбіт өмірдің орнауына үлес қосқан ардагер бүгінгі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, референдум барысында денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.