Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Ашық әрі әділ – ТМД ПАА байқаушылары дауыс беру учаскелерінің жұмысы туралы

Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Зияфет Аббас Оглу Аскеровтің айтуынша, миссия Қазақстанда үшінші күн жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ашық әрі әділ – ТМД ПАА байқаушылары дауыс беру учаскелерінің жұмысы туралы
Фото: видиодан скриншот

«Бүгін таңертең бақылау жұмысымызды бастап, бірнеше дауыс беру учаскесінде болдық. Алғаш барғанымыз – №128 учаске. Оның ашылуына қатыстық. Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр. Адамдардың көңіл күйі жақсы», – деді спикер ОКҚ алаңында «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында өтіп жатқан брифинг барысында.