Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Бокстан әлем чемпионы республикалық референдумда өз таңдауын жасады

Жаңа конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда әйгілі қазақстандық боксшы, Әлем чемпионы Бекзад Нурдаулетов №267 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бокстан әлем чемпионы республикалық референдумда өз таңдауын жасады
Фото: дереккөз

Спортшы қазіргі саяси науқан ел үшін маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, спорттағы табандылық пен өмірдегі жауапкершілік тығыз байланысты.

— Спортта нәтижеге жету үшін табандылық пен өз-өзіңе сенім қажет. Сол сияқты қоғам өміріндегі маңызды сәттерде әр азамат өз ұстанымын білдіреді. Бүгін мен де референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым, — деді Бекзад Нурдаулетов.

Айта кетейік, сайлау учаскесінде таңғы 7-ден бастап дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтар референдумға белсенді қатысуда.