Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде тексеру басталды, деп хабарлайды қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Қостанай облысындағы колонияда сотталған адамның қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр.
"Факт бейнебақылау жүйесінде тіркелді. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Комитеттің мәліметінше, марқұм болған адам есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген.