Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды

Маңғыстау облысында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам қайтыс болды.

Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: istockphoto

Жәбірленуші ауруханада дәрігер болып жұмыс істеген.

"28 қаңтарда Жаңаөзен қаласында 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде ер адамдар арасында болғандығы анықталды", - дейді полиция Болған оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасына өз еркімен барып, жасаған әрекетін мойындаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.