Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алаяқтар WhatsApp-тағы жеке аккаунтты күдік тудырмайтындай басып алудың әдісін ойлап тапты

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті, деп хабарлайды paryz.kz.

Алаяқтар WhatsApp-тағы жеке аккаунтты күдік тудырмайтындай басып алудың әдісін ойлап тапты
Фото: pixabay

Дереккөздердің мәліметіне сәйкес кибералаяқтар WhatsApp аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолданып жатыр. Бұл әдіс GhostPairing деп аталады және ол парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Ақпарат агенттінінің хабарлауынша, алаяқтар WhatsApp-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді. Сценарийі қарапайым. Пайдаланушыға Facebook немесе WhatsApp атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол Facebook пен WhatsApp интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.

Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, WhatsApp-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.

WhatsApp-ты басып алуын анықтаудың жалғыз жолы – "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуға тиіс. Полиция қызметкерлері киберқауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болуды ескертеді.

WhatsApp кодын бөгде парақшаларға енгізбеуге, екі факторлы аутентификацияны пайдалануға аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отыруға кеңес береді.