Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 01.12.2025 15:11 Обновлять, 01.12.2025 15:58

Қарашада теңге бағамы 3,3%-ға нығайды

Қараша айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 512,57 теңгеге дейін, 3,3%-ға нығайды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Қарашада теңге бағамы 3,3%-ға нығайды
фото: Sputniknews

Қараша айында Ұлттық қордан 600 млн АҚШ долларына валюта сатылды, бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 10,7%-ын немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ долларын құрады.

"Ұлттық банк желтоқсанда республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжап отыр", - деп жазылған хабарламада. 

Қарама-қарсы операциялар (нарықтағы ақша көлемін реттейтін операция – ред) аясында қарашада 475 млрд теңге алынды. Желтоқсанда осы мақсатта 475 млрд теңге валюта сату жоспарда бар.

Ұлттық банк қарашада валюталық интервенция жүргізген жоқ. БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесі осыған дейінгі жоспарға сәйкес 40% астам екенін ескере отырып, Ұлттық банк қарашада зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. Желтоқсанда да валютаны сатып алу жоспарланбайды.