Прямая трансляция

Астана

Астана

20.93°C

Алматы облысында әйелді мопедпен қағып, қашып кеткен адам ұсталды

Алматы облысында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден ізін жасырған мопед жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы облысында әйелді мопедпен қағып, қашып кеткен адам ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Оқиға салдарынан жаяу жүргінші мен мопед жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жүргізушінің жеке басы анықталды.

Мопедті кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған болып шықты. Ол жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағанның заңды өкілі баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының Полиция департаменті мотокөлік құралдарын басқару кезінде заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Ата-аналар кәмелетке толмағандарға тиісті жүргізу құқығынсыз көлік құралын басқаруға жол бермеуі және олардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқын тұрақты бақылауда ұстауы қажет.