Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Бали аралында Қазақстан азаматының ұсталғаны хабарланды

Индонезияның көші-қон органдары Балиде шетелдік азаматтардың, оның ішінде қазақстандық әйелдің ұсталғанын мәлімдеді. Олардың кейбірі жезөкшелікке байланысты күдікке ілінген, деп хабарлайды paryz.kz.

Бали аралында Қазақстан азаматының ұсталғаны хабарланды
Ұсталғандар. Фото: imigrasi.go.id

Ведомствоның дерегінше, Чангу, Умалас және Семиньяк аудандарында жүргізілген рейд барысында 13 адам – 12 қыз бен бір жігіт ұсталған. Мәліметтерге қарағанда, Умаластағы виллалардың біріне бақылау орнатылған.

Жергілікті органдардың мәлімдеуінше, кейіннен сол жерден Ресейдің үш азаматы мен Қазақстанның бір азаматы ұсталған. Олардың барлығында мерзімі әртүрлі қонақ визасы болғаны атап өтілді.

Барлығы одан әрі тексеру үшін Нгурах-Рай көші-қон басқармасына жеткізілген.